Туған қаламызға саяхат/Экскурсия по родному городу
Отанға деген махаббат-патриотизмнің айқын көрінісі. Отансүйгіштік сезім қалай туындайды? Адам жүрегінде осындай ғажайып сезім қашан орын алады? «№ 2 ЖОББМ» КММ мұғалімдері мен оқушылары отансүйгіштік қасиет мектеп кезінен қалыптасатындығына нық сенімді. Мектебімізде жеке тұлға бойына патриотизмнің дәнін егіп, туған қаласы Семейдің шежірелі тарихы мен көрікті жерлерімен таныстыру мақсатында қалаға саяхат ұйымдастырылды.
Саяхат барысында мектеп оқушылары тек тарихи мәліметтермен ғана танысып қойған жоқ, Ямышевтар қақпасы мен қос мұнаралы мешіттің тарихына байланысты түрлі аңыздарға да қанық болды.
«Өлімнен де күші» монументіне барғанда Семей полигонының қасіретін жүректерімен сезінді әрі өлкетану мұражайына да қадам басты. Қаламызға жасалған ерекше саяхат «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудың қадамдары болып табылады.
Экскурсия по родному городу
Чувство любви Родине – патриотизм. Как оно возникает? Когда приходит к человеку? Учителя и ученики КГУ «СОШ № 2» уверены, что в школьную пору. Именно поэтому для учащихся была организована экскурсия по памятным местам и достопримечательностям родного Семея. Дети узнали не только исторические сведения, но и легенды, связанные с Ямышевскими воротами, двухминаретной мечетью. Узнали о трагедии Семипалатинского полигона во время посещения монумента «Сильнее смерти», прошли по залам историка – краеведческого музея. Экскурсия стала маленьким шагом в реализации «Рухани жаңғыру».


