Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Қ.Сәтбаев атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 502004
Есепші бөлімі:
+7(727) 360912
Нашар көрушілер
нұсқасы

«Қ. Сәтпаев атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа №2 им. К.Сатпаева"

» » Бүгін Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай Қаныш Сәтпаев атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектепте XXVI қалалық Абай оқулары өткізілді.
13
февраль
2025

Бүгін Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай Қаныш Сәтпаев атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектепте XXVI қалалық Абай оқулары өткізілді.

Бүгін Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай Қаныш Сәтпаев атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектепте XXVI қалалық Абай оқулары өткізілді. Сайысқа қала мектептерінен 60-тан астам оқушы қатысып, 6 номинация бойынша өз өнерлерін ортаға салды. Сайысқа қатысушы дарынды оқушылар қазақ әдебиетіне, дана Абай шығармашылығына деген құрмет сезімін көрсетіп, әртүрлі номинация бойынша бақ сынады.
Абай оқуларына қаламыздан арнайы қонақтар келді. Іс-шараға білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы М. Амирханова, республикалық «Абай» журналының редакторы, республикаға белгілі ақын марқұм Мұратбек Оспановтың жары қатысты.
"Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда" жас дарындар номинациясы бойынша мектебіміздің 8 "А" сынып оқушысы Бағдатова Наргиз 3-орынды иеленді.
Игі шара "Бұлақ көрсең, көзін аш" деген халық даналығына сай жас дарын иелерін танытып, шығармашылық қабілеттерінің ашылуына, танылуына үлкен үлес қосты.
XXVI Абай оқулары жоғары деңгейде ұйымдастырылып, әрбір жеке тұлғаның жүрегіне отансүйгіштік сезім мен халық руханиятына деген құрметтің қалыптасуына ықпал етті.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив