08
январь
2026
"Аралық емтихан тапсырмаларын әзірлеу" тақырыбында шеберлік сыныбы өткізілді.
6 қаңтар күні Қ. Сәтпаев атындағы № 2 жалпы орта білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінде пән мұғалімдеріне арналған "Аралық емтихан тапсырмаларын әзірлеу" тақырыбында шеберлік сыныбы өткізілді. Мақсаты: оқушылардың тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым дағдыларын кешенді бағалау; лексика мен грамматиканы қолдана алуын тексеру және
емтихан форматына бейімдеу. Шеберлік сыныбында аралық емтиханға дайындық мәселелері қарастырылып, ұйымдастырушы ұстаздар түрлі тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Іс-шара барысында жағымды психологиялық ахуал қалыптастырып, қатысушылар жүректен-жүрекке жететін жылы лебіздерін білдірді. Пән мұғалімдері қызықты тапсырмаларды орындап, пайдалы ақпарат алды. Шеберлік сыныбының соңында "Ақылдың алты қалпағы" әдісі бойынша рефлексия жасалынды.
Ұйымдастырушы мұғалімдер: Тулемисова Тоғжан Климовна, Калибас Айнұр Бериккановна, Мухамадиева Меруерт Бакдаулетовна.