Бүгін «Қ. Сәтпаев атындағы №2 ЖОББМ» КММ базасында бокстан жастар
Бүгін «Қ. Сәтпаев атындағы №2 ЖОББМ» КММ базасында бокстан жастар арасындағы турнирдің ашылу салтанаты өтті. Жарыстың мақсаты – жас спортшылардың шеберлігін шыңдау, салауатты өмір салтын насихаттау және спортқа деген қызығушылықты арттыру. Турнирге әртүрлі салмақ дәрежелері бойынша Абай облысының түрлі аудан және қалаларынан жас боксшылар қатысып, өзара мықтыны анықтайды. Барлық қатысушыларға сәттілік, әділ әрі тартысты жекпе-жектер тілейміз!