Мектебіміз үшін қуанышты жаңалық!
Мектебіміз үшін қуанышты жаңалық! Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Меруерт Бағдаулетовна — Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі атанды. Бұл – ұстазымыздың шығармашылық еңбегінің жоғары бағалануының айқын дәлелі. Сонымен қатар, Меруерт Бағдаулетовнаның «Оянған жүрек әлемі» атты екінші өлеңдер жинағы жарық көрді. Кітапта автордың жүрек тебіренісінен туған сырлы жырлары топтастырылған. Ұстазымызды шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс, шабыт және жаңа биіктер тілейміз!