Абай әлеміне саяхат/Путешествие в мир Абая
Абай әлеміне саяхат
№2 жалпы орта білім беретін мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің ұйымдастыруымен Абай Құнанбаевтың 175 жылдық тойы қарсаңында қала мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған «Абай әлеміне саяхат» атты әдеби кеш өткізілді. Қаланың түкпір-түкпіріндегі мектептерден мұғалімдер кеш қонақтары болды. Кеш қонақтары «Абай әлеміне саяхат» атты көрмені тамашалап, оқушылардың дайындаған «Абай жолы» романынан алынған үзінді бойынша әзірленген көріністі тамашалады.Сондай-ақ, мектептің «Мәңгілік ел» кабинетінде мектептің өнерлі оқушыларының өнерін тамашалады.Оқушылар арасындағы жыр мүшәйрасының жеңімпазы Жапаров Дамир өзінің Абайға арнауын оқыды. 6 «А» сынып оқушысы Махабекова Меруерт Абайдың қара сөздерін нақышына келтіре орындады.11 «А» сынып оқушылары үш тілде дайындаған тұсаукесерлерін ұсынды. Кеш өте әсерлі өтті.
Абайдың 175 жылдық тойының эстафетасын №11 мектеп қабылдады.
Путешествие в мир Абая
В КГУ «Средней общеобразовательной школе № 2» в канун 175 – летия со дня рождения великого Абая Кунанбаева был организован учителями казахского языка и литературы литературный вечер «Путешествие в мир Абая». Данное мероприятие посетили учителя казахского языка и литературы школ города. Гости вечера познакомились с выставкой "Путешествие в мир Абая», также учащиеся школы подготовили исценировки фрагментов из романа «Путь Абая». В кабинете «Мәңгілік ел» учащиеся школы смогли продемонстрировать свои таланты перед гостями. Победитель конкурсов молодых акынов, учеников 9 А класса Жапаров Дамир представил гостям свое новое произведение, посвященное великому Абаю.
Ученица 6 «А» класса Махабекова Меруерт выразительно исполнила слова назидания Абая. Учащиеся 11 «А» класса представили презентацию о поэте на трех языках. Вечер прошел очень интересно, познавательно.
Эстафету празднования 175-летия Абая приняла школа № 11.

