06
март
2025
Абайдың 180 жылдығына арналған әдеби кеш
Бүгін мектебімізде дана Абайдың 180 жылдығына арналған әдеби кеш және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігінің салтанатты жабылу кеші өткізілді. Жас ұрпаққа Абай мұраларын насихаттау мақсатында өткізілген әдеби кештің тағылымдық, тәрбиелік мәні зор. Кеш соңында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігі аясында өткізілген іс-шараларға белсене қатысқан оқушылар марапатталды.
