Құрметті әріптестер! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - Мұғалімдер күнімен құттықтаймын!
Құрметті әріптестер!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - Мұғалімдер күнімен құттықтаймын!
Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытатын ұстазға деген халқымыздың құрметі қашан да ерекше. Өйткені, қоғамның басты байлығы - адам болса, сол «адамның адамшылығы жақсы ұстаздан» дейді дана Абай.
Білім жүйесінің жаны да, жүрегі де, тірегі де - ұстаз. Сондықтан еліміздің ертеңгі келешегі сіздердің қолдарыңызда. Еліміздің атын әлемге танытатын білімді де, талантты шәкірттеріңіз көбейе берсін!
Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, қиын да қастерлі ұстаздық қызметте табыс тілейміз!
Құрметпен мектеп директоры Ердембеков Т.А.
_____________________________________________________________
Уважаемые учителя!
Примите самые искренние поздравления в ваш профессиональный праздник.
Пусть этот год принесет вам много светлых и счастливых дней, станет годом свершений и добрых дел. Желаю вам неиссякаемой творческой энергии, успехов во всех начинаниях, высоких профессиональных достижений. Пусть в ваших делах всегда будет дух созидания и оптимизма.
Желаю крепкого здоровья, семейного благополучия, мира и счастья вам и вашим близким.